Меңгеруші блогы


Балабақша туралы ақпарат

Бөбекжай-бақшаның орналасқан жері: №6 «Сандуғаш» бөбекжай-бақшасы ЖШС Шымкент қаласы Жайлау мөлтек ауданы , М. Мырзахметұлы 21,

№6 «Сандуғаш» бөбекжай – бақшасы 1 қабатты ғимаратта орналасқан. Бақшада топтың бөлмелері; ойын бөлмесі, жатын бөлме, қабылдау бөлмесі, дәретхана, асхана, меңгеруші, әдіскер, есепші, медициналық; емшара кабинеті, оқшаулау (изолятор), қабылдау бөлмесі, психолог, шаруашылық меңгерушісі, қоймашы, ән-күй, дене тәрбиесі, асхана; дайындау цехы, тарату бөлмесі, ас үй ыдыстарын жуу бөлмесі, салқындату камерасы, құрғақ азық-түлік қоймасы, көкөністер қоймасы, кір жуатын бөлме; үтіктеу бөлмелері, таза төсек әбзелдердің бөлмесі бар. Бөлмелер заманауи талаптарға сай жабдықталған. Балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға толық мүмкіндік жасалған. Әр топқа сай алаң бар. Ойын алаңы безендірілген және қажетті ойын құралдарымен жабдықталған. Қимылды ойындардың өтілуіне сай мүмкіндіктер жасалынған. Балабақша айналасы газондандырылған, көгалдандырылған және қоршалған. Тәрбиешілер орталықтарда зерттеу іскерлігі бойынша материалдармен толықтырып, балалармен тәрбие дамыту амалдарына бағытталған жұмыс жүргізеді. Осыған орай балабақшамызда интеллектум ойындары және Арттерапия түрлері барлық жас топтарында пайдаланылып, топтарында жүргізуге жағдай жасалды.

Бөбекжай-бақшасының ауласында әр топтың демалу орындары, ойын алаңшаларымен мен қатар топта ойын және жатын бөлмелері қажетті құрал-жабдықтармен, ойыншықтармен толықтырылған. Дене шынықтыру, музыка, психолог және логопед мамандары кабинеттері заман талабына сай, бағдарлама негізінде баланың ерекшеліктерін жәнге 70 бұйрықты басшылыққа отырып толық жабдықталған.

Тәрбиеленушілер жас ерекшелігіне қарай топтарға бөлінген:

  1. · Кіші топ - 1
  2. · Ортаңғы топ - 1
  3. · Ересек тобы - 1
  4. · Мектепалды топ - 1

Фотосуреттер